Торайғыров университетінде университеттің  кәсіподақ қызметкерлерінің сайланбалы конференциясы өтті.
Қазақстан Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Гүлбарам Науразбаева конференцияға қатысты.

- Кез-келген ұйымның күші оның ұжымында жатыр және әр қызметкердің мүдделерін қорғайтын, оның дамуына көмектесетін жұмыс органы болуы өте маңызды. Дәл осы міндеттер  Торайғыров университетінің кәсіподағының алдына қойылып отыр. Біз әрқашан ЖОО-да жұмыс істейтін адамдардың кәсібилігі мен бірлігін мақтан тұтамыз және оның қызметкерлерінің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін бәрін жасауға тырысамыз, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Торайғыров университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастілек Уахитов университет базасында кәсіподақ қозғалысының проблемаларын зерттеу зертханасы мен кәсіподақ көшбасшыларын оқыту мектебі ашылғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіподақ мүшелері жұмыс уақытында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдана алады, бір апта ішінде әрбір адам еріктілік қызметке 4 сағат жұмыс уақытын арнай алады. Төрт және одан да көп баласы бар немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар әйелдерге қосымша ақылы демалыс беріледі, сонымен қатар демалыс күндері бір жарым мөлшерде жұмыс ақысы төленеді.