"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ "Ғылыми ынтымақтастық туралы" меморандум аясында Торайғыров университетінің ғылыми-зерттеу ұжымымен бірлесіп "Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің (Павлодар облысы) технологиясын әзірлеу және экологиялық брендингін ілгерілету" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ToU делегациясы Павлодар облысының өнеркәсіптік кешенінің экологиялық брендингін ілгерілету технологиясы мен тетіктерін әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан зерттеудің негізгі бағыттарын таныстырды (ҚР МНҰ гранттық қаржыландыру шеңберінде).

Таяу болашақта  Торайғыров университетінің ғылыми-зерттеу ұжымы өңір экономикасының салаларын экологияландыру тұжырымдамасын әзірлеуді, ESG-аймақты трансформациялаудың барлық қатысушыларының, оның ішінде ұлттық ESG-клубты тарта отырып, өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді, өңірдің экономикасы мен трансшекаралық аумақтарға экологиялық брендингтің технологиялары мен тетіктерін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, экономика кафедрасының зерттеу ұжымы ғылыми жоба бойынша негізгі индикаторларды зерттеу және әзірлеу әдістемесін жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар мен кәсіби ұсыныстар алды.