Алдыңғы күні Колледждер Альянсы мен ERG стратегиялық сессиясы өтті, оған  Торайғыров университетінің өкілдері қатысты.

Стратегиялық сессияда 2023 жылғы Альянс қызметінің қорытындылары талқыланып, 2024-2027 жылдарға арналған Колледждер Альянсы мен ERG Даму стратегиясы талқыланды.

Жаңа бастамалар ретінде альянсқа кіретін және ERGа кәсіпорындарында табысты жұмыс істейтін колледж түлектері үшін оқу кезеңі 2 жылға дейінгі жоғары білім беру деңгейінде қысқартылған білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ микробіліктілік бағдарламаларын дамыту үшін қолданыстағы білім беру бағдарламаларының практикаға бағдарлануын күшейту жоспарланған.

Айта кетейік, осы жылдың көктемінде Торайғыров университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Колледждер Альянсы мен ERG»-ге кіру туралы Меморандумға қол қойды.