13 шілде мен 20 шілде аралығында Торайғыров университетінде грантқа өтініштер қабылдау науқаны өтеді.

- Биыл бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. "Серпін" бағдарламасы бойынша түсушілер үшін 3 653 грант бөлінді. Сонымен қатар, халық тығыз қоныстанған, батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастарына 5000 грант бөлінді,-деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Талапкерлер өтініштерді онлайн форматта egov арқылы да, оффлайн форматта ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы да бере алады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды тапсыру кез келген ЖОО-да (орналасқан жері бойынша) мүмкін болады.
- Таңертеңнен Торайғыров университетінің қабылдау комиссиясы талапкерлерді қарсы алуда. ToU мамандары бұл процесті ыңғайлы және ашық ету үшін бәрін жасады. ToU қабылдау комиссиясы күн сайын үзіліссіз жұмыс істейді,- деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.