Торайғыров университетінде "Қазіргі заманғы ағарту, ғылым және жоғары білім кәсіподақтарының ерекшеліктері, проблемалары мен перспективалары" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіби салалық кәсіподақтарының төрайымы Айгүл Мұқышева шараға модераторлық етті. Ол Павлодар облысы кәсіподақтар қозғалысында көшбасшы екенін атап өтті.

- Кәсіподақ ұйымдары қызметтерін жақсарту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Біздің жоғары оқу орнымызда штаттық қызметкерлерге біліктілікті арттыру бойынша тегін курстар ұсынылады. Сауықтыру шаралары қолға алынған. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету кабинеті, түрлі медициналық қызмет көрсетілетін емханамыз бар. Бүгін біз облыстық кәсіподақ ұйымымен бірге зертхана-кабинет аштық. Университет ғалымдары мен аймақтық кәсіподақ мүшелері осы зертханада білім беру саласы кәсіподақтарының ерекшеліктері, проблемалары мен перспективаларын нақтырақ зерттей алатынына сенімдімін", - деп атап өтті Еркін Садықов.
Шара барысында салалық кәсіподақ қозғалысын жетілдіру бойынша негізгі бағыттар талқыланды.
Сонымен қатар, ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық жұмысы ұйымдастырылды, атап айтсақ: "Әлеуметтік серіктестік - әрекеттесу синергиясы" панельдік секциясы, "Өзгерістер кезеңіндегі кәсіподақ: тәжірибе, ұсыныстар, шешімдер" және "Кәсіподақ жұмысындағы инновациялық әдістер мен трендтер - корпоративтік ойлау стратегиясы" форсайт-сессиясы.