World skills бойынша іріктеу кезеңі құю өндірісінің қалыптау ісі құзыретінде өтті, оған Торайғыров университетінің студенті Назымбек Сейфулла қатысып, облыстық кезеңде екінші орын алды. 

Сондай-ақ, төрешілер комиссиясының жұмысына ToU металлургия кафедрасының зертхана меңгерушісі Нұрболат Құлымбаев қатысты.

 

- Студенттер өз дағдыларын тек оқуда ғана емес, іс жүзінде де дәлелдеуі керек. Сондықтан кәсіби шеберлік сайыстары бүгінде өте танымал болып келеді. Олардың алаңдарында оқытушылар болашақ мамандарды бағалай алады, ал ірі кәсіпорындар мен бизнес өкілдері өздерін сапалы кадрлық резервпен қамтамасыз ете алады. ToU да осындай конкурстарды қолдайды және біздің ЖОО студенттерінің қатысып, жүлделі орындарға ие болғанына қуанышты. Бұл біздің университет қабырғасында берілетін білімнің сапалы екендігінің көрінісі, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Бұл іс-шара құю өндірісі саласында жоғары оқу орнының студенттерін дамытуға мүмкіндік береді, бұл студенттерді өндірісте сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына оқытудың жаңа форматы болып табылады.