Торайғыров университетінің делегациясы «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Pavlodar - 2023 өңірлік чемпионатына қатысты. Турнир Павлодар техникалық сервис колледжінің базасында өтті. 

Екі күн ішінде студенттер төрт модуль бойынша кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетуі керек.

Жеңімпаз WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында облыстың атынан қатысады. 
- Жаһандық прогресс пен ақпараттық технологиялардың дамуы бізден жаңа дағдыларды алуды талап етеді. Сондықтан біз өз білімімізді жаңартып, қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа белестерді бағындыруымыз керек. 
Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бүкіл әлемде жұмыс істейтін стандарттарға көшкеніне қуаныштымын. Бұл біздің колледждерде дайындалатын мамандар тек Қазақстанда ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де жұмыс істей алатындығын білдіреді. Бұл қазақстандық ТжКБ ұйымдарының түлектері ең қажетті дағдылар мен құзыреттерге ие болады дегенді білдіреді. Осылайша біз өз кәсіпорындарымызға шынымен қажет мамандарды аламыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов

 

Сонымен қатар, Торайғыров университеті мен Павлодар техникалық колледжі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, бұл күні Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған «Даланың данагөйі - Мәшһүр Жүсіп» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған тек Павлодар облысының ғана емес, Абай және Қарағанды облыстарының студенттері қатысты.