Торайғыров университеті "Павлодар" арнайы экономикалық аймақпен серіктестік орнатпақ. Қос тарап өзара қарым-қатынас тетіктерін АЭА кездесу барысында талқылады.

Университет өкілдері үшін экономикалық аймақ бойынша эксурсияны басқарма компания басшысының орынбасары Қайрат Қайыркенов өткізді. Оның айтуынша, АЭС аумағындағы кәсіпорындарға білікті мамандар керек. Сондықтан, арнайы зонада Торайғыров университетінің студенттері тәжірибеден өте алады. Егер жақсы жақтарынан көрінсе, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.

Бүгінде арнайы экономикалық аймақта 20-ға жуық кәсіпорын бар. "Каустик" АҚ-да хлор мен каустикалық тұз, "УПНК-ПВ" ЖШС-да мұнай коксы күйдірілсе, "Вектор Павлодар" ЖШС-да автомобиль дискілері өндіріледі. Ал «Giessenhaus» ЖШС-да қоспалы алюминий шығарылады. Бұл кәсіпорындарға әрдайым білікті кадрлар қажет. Қос тарап ортақ жұмысқа қыркүйек айында кіріспек.