Студенттік ұйым өкілдері «ТoU Awards-2020»  сыйлығы аясында жыл қорытындысын шығарды. Әр ұйым жыл бойы абыройлы еңбек етіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

«PREZIDENT»  пікірталас клубының өкілі Дәлелхан Кенжебек үздік ұйым жетекшісі атанды. Ал жаратылыстану ғылымдары факультетінің өкілі әрі студенттік декан Дәурен Шәріпов жыл адамы атанды.

Қостанай қаласында өткен республикалық пікірталас турнирінде жартылай финалға өту мен ІІ орын жылдың үздік жетістігі болды. ТоU Арбат жыл оқиғасы атанды.

Сонымен қатар, ұйымдар «Альянс» сериалы - жылдың үздік жобасы, апта сайынғы үстел ойындары кеші және университеттік лиганың Жайдарман Кубогы үздік шығармашылық шара аталымдары бойынша бақ сынады.

Ортақ шешім бойынша Жастар ісі жөніндегі Комитет жылдың үздік ұйымы болды. Жастар жобалары арқылы көшбасшы екендерін дәлелдеп, жеңімпаз атанды!