Торайғыров университетінде «Жоғары білімді интернационалдандыру: Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының тиімді серіктестігі» атты үш күндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Бағдарлама бойы қатысушылар тұрақты интеграцияланған мәдениетті дамыту үшін әдіснаманы зерделейді.

Спикерлер қатарында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Эмбер Ора, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова бар.

Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов өз сөзінде Америка Құрама Штаттарымен көпқырлы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының жоғары білімін одан әрі дамытудың маңызды факторы болғанын атап өтті.

«Америка үкіметі қаржыландыратын академиялық алмасу бағдарламалары, сондай-ақ «Болашақ» президенттік стипендиясын қоса алғанда, Қазақстанның мемлекеттік стипендиялық бағдарламалары мыңдаған қазақстандықтарға біліктілігін арттыруға, ғылыми тағылымдамадан өтуге, озық технологиялармен танысуға мүмкіндік берді. Алмасу бағдарламалары сондай-ақ америкалық және қазақстандық мәдениеттер арасында өзара түсіністік орнату құралы ретінде әрекет етеді, қалыптасқан әріптестіктердің тұрақты дамуына ықпал етеді».

Торайғыров университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы Fulbright, IVLP, JFDP, UGRAD, сондай-ақ «Болашақ» президенттік стипендиясы сияқты білім беру және ғылыми бағдарламалар бойынша стипендиялар мен гранттар алуға арналған халықаралық және ұлттық конкурстарға үнемі қатысады. Биыл Торайғыров университетінде Индиана университетімен бірлесіп АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестердің қолдауымен UniCEN Орталық Азия университеттік Серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстандық университеттердің тәжірибесі туралы Қазақстан-Америка Еркін университетінің өкілдері,Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, сондай-ақ Есенов университетінің ректоры Берік Ахметов айтып берді.

Түстен кейін Колорадо және Тынық мұхиты университетінің сарапшылары «When Cultures Meet» тренингін өткізді. Бұл қатысушыларға проблемаларды шешуге және екі немесе одан да көп мәдениеттердің өзара әрекеттесуінен туындайтын мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектесетін танымдық, эксперименттік тренинг.