Торайғыров университетінде органикалық ауыл шаруашылығы  саласындағы биологиялық қорғау мәселелері талқыланды . Халықаралық семинар Қазақстан және Украина сарапшыларының басын қосты.

Жетекші микробиологтар, агрономдар шаруашылықтардың өнімділігін арттыру, алқаптардың залалдануын болдырмау және халықаралық сертификаттау талаптары туралы айтып берді.

«Торайғыров университетінің агроинновация және биотехнология ғылыми-зерттеу институты үй жануарларының өнімділігін арттыру бойынша инновациялық технологияларды енгізуде. Институт аймақтағы органикалық ауыл шаруашылығының қалыптасуына белсенді атсалысуда. Сонымен қатар, біз серіктестерімізді  шақырдық. Олардың қатарында «БТУ-Центр» ферментті және микробты препараттардың украиналық өндірушісі, «Organic Standart» органикалық өндірісті сертификаттау және инспекция жөніндегі өкілдер, «ALBI Company» сарапшылары бар. Олар кәсіпкерлерге интеграцияланған жер шаруашылығынан органикалық түріне ауысуға көмектеседі», - дейді ҒЗИ-ның директоры Қайролла Ахажанов.

Ауыл шаруашылығы факультетінің деканы Тоқтар Бексейітов ғылыми сүйемелдеу мен технологиялар туралы айтып берді. Бүгінде технологиялар жеңіл өнеркәсіп, агрономия, мал шаруашылығы салаларында қолданыста. Мәселен, вируссыз картопты өсіру, сүт сараптамасы, қалдықтарды биогумусқа айналдыру, мал басының көбеюін жылдамдату.