С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері startup weekend GreenTech "жасыл" технологиялар инновациялық байқауының жеңімпаздары атанды.

Жарыс Нұр-Сұлтан қаласындағы Seedspace Nur-Sultan жаңа технологиялық алаңында өтті.

Шараға 78-ден астам жоба қатысты. 200 жас кәсіпкер, стартапшы, студенттердің алдында жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қалалық мәселелерді шешу міндеті тұрды.

ПМУ жастары жұртшылықтың назарына ілінген "InFoux" жобасын ұсындф. Рекупервтор құрылғысы ауаны тазартып, жылуды қамтамасыз ететін климаттық жүйе. Жоба жасаушылардың айтуынша, құрылғының көмегімен шығатын жылудың 70%-ын сақтауға болады.

"Біздің мақсатымыз - тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, жылу шығындарын азайту, ғимаратта жылу алмасудың тиімділігі қамтамасыз ету және ауа рекуператорларын жасаудың Қазақстандағы алғашқы кәсіпорнын құру. Айта кетерлігі, елімізде осындай құрылғыны жинау және жасау кәсіпорны жоқ. Бұл нарықты игеру керек", - дейді студенттер.

Байқау қорытындысы бойынша ПМУ командасы үздік бестікке еніп, Seedstars-те білім алуға 1500 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болды.