С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивеситеті ҚХА және Қазақстан тарихы кафедраларының мұрындық болуымен Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңір өлкетанушыларының бірінші жиыны өтті.

Қоғамның басты мақсаты – өлкетану саласының дамуына сеп болу және оны насихаттау, облыстың тарихи-мәдени және табиғи мұрасын сақтау және зерттеу. Қоғамның стратегиялық міндеттерінің қатарында жоғары оқу орындары, колледждер мен жалпы білім беру мектептердің оқу үрдісіне Павлодар аймағының өлкетануы туралы пәндерді енгізу.

Қоғамның тарихшылары, журналитері мен өнер қайраткерлері ұйымға танымал журналист, тарихшы, өлкетанушы, саяси қайраткер Жеңіс Мардановтың есімі берілді.

Жеңіс Марданов өнегелі өмір кешті.

Мәскеудегі болат және қорытпа институтында инженер-металлург мамандығы бойынша біліп алды. Ол орталық мұрағаттағы жаңа заман тарихындағы қазақ халқы туралы мағлұматтарды көп зерттеді. Ж. Марданов Мәскеудегі «Жас тұлпар» студенттік ұйымның белсенді мүшесі атанды.

Техника ғылымдарының кандидаты және физика кафедрасының меңгерушісі болған тұсында өмірін журналистикамен байланыстыруға бел буды. Тұлғаның қазақ тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғыртудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Журналистің қызы С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к,. Зулейха Марданованың айтуынша, әкесінің жарияланымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» жобаларын жүзеге асыруға сүбелі үлесін қосар еді.