С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы т.ғ.к., «Машина жасау және стандартизация» кафедрасының профессоры Иван Шумейконың 75 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерейтойы иесін шәкірттері мен аймақтың ғылыми қауымдастығы құттықтады.

ПМУ ректоры, филос. ғ. к. Гаухар Ахметова құттықтау сөзінде ғалымның университеттің дамуын қосқан зор үлесін тілге тиек етті.

- Сізге ірі ғылыми жобаларды қолға алып, жемісін көруді тілеймін. Университеттің атын шығарып жүрген шәкірттер үшін алғыс білдіремін! – дейді Гаухар Ахметова.

Айта кетейік, И.А. Шумейко ғылыми-педагогикалық қызметке саналы ғұмырының 50 жылынарнады, оның бір бөлігі Павлодар мемлекеттік университетінде өтті.

Иван Шумейконың жетекшілігімен қолға алынған жобалардың көбі университеттің машина жасау және энергетика жөніндегі студенттік конструкторлық бюрода жүзеге асырылып, 30-дан астам патент оқу процессі мен өндіріске енгізілді.