С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы «La vie Добро» еріктілер жасағының белсенділері маусымның  жабылуына орай қайырымдылық акциясын өткізді.

Жәрмеңке барысында келгендер кондитерлік өнімдер, үйде пісірілген тәтті тағамдар, жергілікті шеберлер жасаған қолданбалы өнер бұйымдарын, сонымен қатар, балалар ойыншықтары, кеңсе тауарлары, телефондарға арналған заттарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, шараға аквагрим шеберлері қатысты. Еріктілер сыйлықтар ұтыстары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Қайырымдылық жәрмеңкесінің нәтижесінде 60 мың теңге жиналды. Қаржының басым бөлігі Інжі Олжасқызының емделуіне жұмсалмақ. Қыз баланың диагнозы - ішастар арты кеңстігінің нейроблостомасы (обыр). Қаржының екінші бөлігі әлеуметтік көмекке бағытталады.

Еске сала кетсек, еріктілер жасағы бірнеше әлеуметтік-қайырымдылық жобаны жүзеге асырған. Белсенділер қауымы тұрақты мекенжайы жоқ азаматар мен көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуда. Павлодар мемлекеттік университетінің қамқорлығындағы зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері мен ардагерлеріне ұсақ жөндеу, үй жинау бойынша көмек тұрақты түрде көрсетіледі.