Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшлігі жанындағы қазақстандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет саласының құрметті қызметкері Валерий Батайұлы Темірбаев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев өз сөзінде бұл кездесулер игі дәстүрге айналатынына тілектестік білдіріп, осындай бастамалар студенттің жолдастықты нығайтумен қатар, қара шағырақтың мәртебесін көтеретінін тілге тиек етті.
В. Темірбаевтің еңбек жолы туралы С. Торайғыров атындағы ПМУ даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д. Арман Ақышев әңгіме өрбітіп, университет түлектері түрлі салада еселі еңбек етіп, ең бастысы, өз ісінің кәсіби маманы екендерін жеткізді.
Валерий Темірбаев 1970 жылы сол кездегі Павлодар индустриалды институтының энергетика факультетін тәмамдады. Көп жылдар бойы Қазақстанның КП Екібастұз қалалық комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды, кейін Шымкент және Қостанай облыстық комитетінде еңбек етті.
1991 жылы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының бірінші Төтенше Елшісі және Уәкілетті Елшісі болып тағайындалды. Кейінгі жылдары Беларусь және Түркменстан елдерінде қызмет атқарды. Валерий Батайұлы әр жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі және халық депутаты, ҚР-ның Уәкілетті өкілі, ТМД Экономикалық кеңесі экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссияның Төрағасы болды.
Кездесу барысында В. Темірбаев жоғары оқу орнының қабырғасында өткен кездері туралы айтып, ұстаздарына алғыс білдірді.
«Университетке оралғым келді. Осында өткізген жылдары жаны жайсың оқытушылардың ортасында болдым. Олар біліммен ғана емес, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Өмір сүруге үйретті», - деп еске алды ол.
Салтанатты шара аясында Валерий Темірбаев Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.