С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға орайластырылған «Ертістің Павлодар өңірі және саяси репрессиялар» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны ПМУ-дегі Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан тарихы кафедралары бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында тарихшы-ғалымдар, сарапшылар, студенттер мен магистранттар пікір алмасты. Шараның құрметті қонағы  Павлодар «Эльбрус» карачай-черкесс және кабардин-балкар ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Байрамкулова саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған миллиондаған ұлт өкілінің тағдыры туралы сыр шертті.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Сәуле Мамытова саяси репрессияға қатысты тарихи мәліметтерді сақтап, зерттеу, сонымен қатар, сол қайғылы оқиғалардың құрбандары болған көзі тірі азаматтардың естеліктерін зерделеу керектігін жеткізді.

Шара барысында т.ғ.к., доцент Ержан Торайғыров, С. Торайғыров атындағы ПМУ тарих және мәдениет институтының директоры, т.ғ.к. Қайрат Батталов және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаев саяси қуғын-сүргін оқиғалары туралы баяндама жасады.

Ал Павлодар облысына жер аударылған поляктар туралы унивреситет студенті Дана Жұмағұл айтып берді.

Кездесу соңында Қазақстан халқы кітапханасының меңгерушісі Елена Лиханова қатысушылар назарына «Ұмытуға құқығымыз жоқ» атты кітап көрмесін ұсынды.