С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сарапшылары V-ші Фараби оқулары аясында өткен журналистика кафедраларырының «ЮНЕСКО оқу бағдарламаларын қолданудағы прогресс: тұрақты даму парадигмасы» форумына қатысты.

Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүше болып қабылдануына 25 жыл толуына орайластырылған шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО бюросының қолдауымен ұйымдастырды. 

Форум жұмысына Америка Құрама Штаттары, Ауғанстанның дипломатиялық өкілдіктері мен Британ кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, журналистика саласының мамандарын даярлайтын  қазақстандық және қырғызстанық жоғары оқу орындарының  өкілдері қатысты. 

Материалдарды шынайы тарату, өзге елдердің оқу бағдарламаларын қолдану мәселелерін қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, профессор Айман Зейнуллина мен аға оқытушы Қымбат Белгібаева қызу талқылады. 

Форум алаңында журналистерді ЮНЕСКО моделі негізінде халықаралық стандарттар бойынша оқыту және даярлау мәселелері жөнніде пікірлер айтылды. Сонымен қатар, мамандарды даярлау барысында мемлекеттің басымдықтары мен стратегиялық бастамаларын ескеру қажеттілігі туралы сөз болды. Осылайша, іс-қимыл жоспарын әзірлеу, жұмыс тобының құрамын жасақтау және жұмыс көлемін белгілеу тетіктері анықталды. 

Шара шеңберінде қатысушылар  журналист пен цифрлы БАҚ-ның сөз бостандығы, этика, сонымен қатар, гендерлік, адвокаттық  және экологиялық журналистика және өзге тақырыптар бойынша пікір алмасты.