2017 жылғы 29 тамызда Павлодар қаласында «Модернизация 3.0: Рухани жаңғыру» экспертты кездесулер топтамасынан алғашқы аймақтық дөәңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Евразиялық интеграция институты ( Астана қ.).

Іс-шара барысында Рухани жаңғырту Бағңдарламасының маңызды 6 жобасының бірі болып табылатын Павлодар облысы бойынша «Туған жер» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. 

Дөңгелек үстелге ғылыми-экспертті қоғамдастықтың, ӨЕҰ және жергілікті атқару органдарының 40-тан астам өкілдері қатысты. 

Қатысушылардың алдында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев сөз сөйледі. 

Еуразиялық интеграция институты жобасының жетекшісі Арман Ешмұратов өзінің сөзінде модернизация үдерісі  жалпыұлттық, терең сипатты болып келетінін және мемлекет пен қоғамның жағынан күш-жігерді талап ететінін атап өтті.

– «Қазақстан бірегей ұлттық модернизация моделін  іске асыра бастады. Мемлекет алдында келесі 33 жылдың ішінде дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. Оның табысты іске асуы өкімет пен қоғамның жағынан ерекше серпіліс пен тәсілдерді талап етеді. Осы үдерістегі маңызды рөлді Қазақстанның ғылыми-экспертті қоғамдастығына беріліп отыр», - деп А. Ешмұратов атап өтті.

Одан басқа, «ел бойынша Институттың жүргізген социологиялық зерттеулеріның алдын ала қорытындылары тұрғындардың кейбірі модернизациялық үдерістерді түсінбеуімен байланысты белгілі бір мәселелердің барын көрсетуде. Осы тұрғыда, Бағдарламаны жүзеге асырудағы басты бөлігі «Рухани жаңғырту» Бағдарламасын жан-жақты талқылау, БАҚ-да жарыққа шығару және жергілікті атқару органдарының жүзеге асыратын іс-шараларын түсіндіру болып табылады» - деп атап айтты. 

Іс-шара барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқармасының төрағасы Нұрлан Өтешев (Астана қ.) «Туған жер» арнайы жобаны іске асыру туралы» баяндамасын ұсынды. 

Соынмен қатар іс-шара спикері ретінде сөз сөйледі: Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, Павлодар облысының жергілікті жобалық кеңсенің әкімшісі Динара Айтжанова,  С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Ғани Елмұратов, Павлодар облысы маслихатының депутаты  Гүлмира Нұрханова, Май ауданы әкімінің орынбасары  Мадина Құсаинова, С. Торайғыров атындағы ПМУ мәдениет және тарих институтының директоры Қайрат Батталов, «Жасыл Ел»  қалалқ штабының командиры Оразали Сәрсембаев.

Дөңгелек үстел қатысушылары жан-жақты экспертті талқылау үшін, «Рухани жаңғырту» Бағдарламасының сапалы түрде іске асыру мен ұсыныстарды енгізу үшін  мұндай форматтағы кездесулер маңызды екенін атап өтті.