С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілетттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін түсіндіру бойынша кең ауқымды кездесулер өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, с.ғ.д. Арын Өрсариев өз сөзінде бүгінде қоғамда әралуан әлеуметтік топтар мемлекеттік саясаттың қалыптасуына өзіндік септігін тигізіп, белсенді атсалысатынын атап өтті. 

«Ұсынылған реформалар шешім қабылдаудың жылдамдығын біраз кеміткенімен, оларға бұл құқықтарын Парламенттің өкілдігі атынан жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін келісіп әрекет етушілік кең етек жаяды. Әрбір жаңа реформа сәл баяу жүреді, демек, қоғамдағы әртүрлі ойлар есепке алынатын болады», – деді Арын Амангелдіұлы. 

С.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ доценті Серік Ілиясов баяндамасында Мәжіліс Парламентінің  өкілдік орган ретінде рөлі арта түсетініне назар аударды. 

 «Конституцияға өзгерістер екі жолмен жасалады: референдум өткізу, яки, Парламенттің екі палатасының дауыс беруі. Айтулы жағдайда мәселені Парламенттің қос палатасының дауыс беруі арқылы шешу таңдалды. Әлбетте, Конституцияға жасалатын өзгерістер бірден түбегейлі өзгерістерді тудырмайды. Жалпы алғанда, сарапшылар Мемлекет басшысының жасаған жобасын оң бағалап отыр. Бұл қадам либералды, демократиялық саяси жүйеге бағытталған мемлекетіміздің саяси транзитті кезеңінің бірі». 

С.ғ.к., профессор Ильдар Қалиевтің жетекшілігімен С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің саясаттанушы-оқытушылары Қазақстанның саяси жүйесін модернизацияладың негізгі мәселелерін жаһандық шақыруларға тиімді жауап ретінде өзара сараптап, талқылады. 

Бұдан өзге, филос.ғ.к., профессор Майра Қожамжарованың жеткшілігімен философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының сарапшылары ҚР демократиялық реформалардың жаңа кезеңін билік жүйесіндегі модернизацияланудың негізгі аспектіліерін талдады.