Web of Science электрондық көпсалалы ғылыми-зерттеу платформасы қолжетімді болуы үшін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу-семинары өтті.
«THOMSON REUTERS тақырыбында өткен семинар барысында көптеген өзекті сұрақтар төңірегінде өрбіді. Семинарды Thomson Reuters компаниясының клиенттерімен жұмыс жасайтын маман – Дарья Бухтоярова өткізді. Ол мақалаларды EndNote бағдарламасымен рәсімдеу керектігін және мақаланы жариялау кезіндегі туындайтын көптеген түйіткілді сауалдардың шешімін айтып, көпшілікке түсіндіріп берді.
Семинардың мақсаты - Web of Science ақпараттық ресурстарын қолданушылар санын арттыру. Дәріс оқушы тыңдаушы қауым назарына жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы деректерді, оның ішіне кіретін Web of Science Core Collection, Conferece Proceedings Citation Index, MEDLINE, SciELO, Derwent Innovations Index, Journal Citation Reports, Sciece Citation Reports деректерін де ұсынды. Бұндай деректер қолданушылар үшін құнды ақпарат болып табылатыны белгілі.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Менеджмент» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Рысты Бозманайқызы семинардың пайдалы жақтары көп екенін айтып, оның маңыздылығына тоқталды: «Семинарға қатысқаныма өте қуаныштымын. Семинар өте мәнді әрі тартымды өтті. Көптеген өзекті мәселелер талқыланып, пайдалы ақпарат алдым. Бүгінгі семинарда алған білімімізді тәжірибе барысында да сәтті қолдана аламыз деп санаймын”.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Биология және экология» кафедрасының докторанты Саян Берікұлы семинар өзінің көтерген өзекті мәселелерімен құнды әрі осы семинарда көптеген тәжірибелік әрі пайдалы кеңестер айтылғанын атап өтті. «Жалпы семинардан соң мақалаларды жариялау үшін импакт-факторы бар журналдарды іздеу бойынша менің білім кеңістігім артты деп айта аламын»,- деп өз ойын білдірді.
Семинар сәтті өтіп, THOMSON REUTERS ресурстарымен жұмыс істеудің тәжірибелік аспектілері де қозғалды. Семинарға қатысушылардың бәріне сертификаттар табысталды.