2013 жылдың 10 қазаны мен 3 қарашасы аралағында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шетелдік дәріскерлерді шақыру бағдарламасы аясында келген Венгрия елінің белгілі ғалымдары студенттер мен магистранттарға дәріс оқуда.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекшісі м.а. Жанна Матенова өз сөзінің барысында: «Университетке шетелдік дәріскерлерді шақыру – профильді пәндерді оқыту бойынша халықаралық тәжірибені енгізу, әлемдегі үздік педагогикалық үлгілерді қолдану мақсатында қазақстандық және халықаралық білім бағдарламаларының ықпалдастығын орнату», – деп жүйенің мақсатын айқындап берді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері мен магистранттары Этвас Лоранд (Будапешт, Венгрия) дәріскердің дәрістік курстарын тыңдады. Профессор Андрас Золтан тіл және тілдің лингвистикалық зерттеу әдістерінің өзекті мәселелері туралы баяндады. PhD докторы Каталин Кро әдебиет теориясы бойынша консультациялық сабақтарын жүргізді.
Сонымен қатар, осы күндері PhD докторы, Клементий Охридский атындағы университеттің профессоры Николай Ников (София, Болгария) фольклор мен балалар әдебиеті туралы дәрістер оқыды.
Профессор Тамас Томпа медициналық психология және патопсихология саласындағы жаңа жетістіктер туралы дәріс оқуда. «Педагогика және психология» кафедрасының студенттері курстардың практикалық және зерттеу мәні болғаны жөнінде айтып, жақсы пікірін білдірді.
Ғалымдар Георгий Месцарос және Каталин Брожик-Пиниель ПМУ студенттерінің назарына «Шетел тілі академиялық мақсаттар үшін», «Көпшілік арасындағы коммуникация және халықаралық қарым-қатынастар» атты дәрістерін ұсынған.
Философия және мәдениеттану кафедрасының студенттері профессор Ержибет Цереклидің «Көпшілік мәдениет теориясы туралы» дәрістерін тыңдайды.
Агротехнологиялық факультет және Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенттері органикалық химия, элементорганикалық қосылыстардың химиясы, геология, биотехнология және микробиология жөнінде дәріс тыңдауда.
С.Торайғыров атындағы ПМУ студентіне халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде жан-жақты дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңа белестерді бағындыруға, теориялық білім игеріп, практикалық қабілетін ұштауға барлық жағдайлар жасалған.
С.Торайғыров атындағы ПМУ Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Гүлмира Кенжебалинаның айтуынша, филология саласындағы бүгінгі міндеттердің алғышарттары: кәсіби білім беру кезінде студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру. Гүлмира Ныгматқызы өз сөзінде: «Қазақстанның жоғары мектебі әлемдік білім деңгейіне өсуді мақсат етеді. Заманауи білім беру жүйесі дамуының басты қағидаты – әлемдік білім кеңістігіне бірігу болып табылады», – деді.