Торайғыров университетінде "ЕББҚ бар білім алушылар үшін қолжетімді орта құру: проблемалар және тәжірибе" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Луи Брайльдың туғанына 215 жыл толуына және ол әзірлеген зағип және нашар көретін адамдарға арналған рельефтік-нүктелік қаріптің 100 жылдығына орай өтті. Ұйымдастырушы Тұлғалық даму және білім беру кафедрасы болды.

 

 

- ToU-да әрқашан жоғары білім барлығына қол жетімді болуы керек деген тұжырымға сүйенеді. Біз бұл мәселедегі ең жоғары стандарттарға ұмтыламыз, өйткені бұл әрбір прогрессивті университетте жасалады. Сонымен қатар, білім берудегі инклюзия тек кейбір техникалық немесе әдістемелік мәселелерге ғана қатысты болмауы керек. Университетте білім алуға келгендердің барлығына қуаныш сыйлайтын жайлы атмосфера құрылуы тиіс, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Қонақтардың арасында Чехия, Ресей Федерациясының ғалымдары, ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Павлодар облысының "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігі филиалының басшылары болды.

Үстел басында ЖОО-ның инклюзивті білім беру ортасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері, мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білім беру ортасын құру мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, Тұлғалық даму және білім беру кафедрасының  "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары" (Павлодар өңірінің мысалында) жобасын іске асыру шеңберінде инклюзивті білім беру кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

Сонымен қатар, ЖОО-да инклюзивті білім беруді қолдау мен сүйемелдеудің жобалық кеңсесі жұмыс істейді.


Айта кету керек, Торайғыров университетінде барлық оқу ғимараттары мен кампустары пандустармен, арнайы дәретханалармен, кеңейтілген есіктермен жабдықталған. А оқу корпусында лифт және тік көтергіш бар. №2 және №3 кампустарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің жайлы тұруы үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар. ЖОО-да инклюзивті білім беру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары жұмыс істейді. Олар университеттің 350 оқытушысын қамтиды деп күтілуде.