Торайғыров университеті «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС газ-химиялық кешенінің ресми ашылуына қатысты.  


Университет жоғары технологиялы университетпен ғылыми-зерттеу қызметі мен кадр даярлау бойынша келісімге келіп, ынтымақтастығын нығайта түсті. 
- Жоғары оқу орнымыз экономиканың нақты секторының ірі кәсіпорындарымен іскери байланыс орнатуға ниетті. Заманауи технологияларды пайдаланатын өндіріс ошақтарының кадр даярлау мен ғылыми-зерттеу қызметіндегі маңызы зор, - дейді ректор Еркін Садықов.
Айта кетейік, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – теңіз кен орнынан алынған шикізатты қайта өңдейтін алғашқы кәсіпорын. Қуаттылығы – жылына 500 мың тонна полипропилен. Бұл – 600-ден астам жұмыс орны, өнімнің 64 түрі. Елдің ЖІӨ-дегі үлесі 1%-ға дейін. Осындай кешендер әлемнің бес елінде бар (Сауд аравиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және ҚХР).