Кеше ел жастарына 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялап, Елбасы жастарға үлкен сенім артты. Елімнің жас азаматы ретінде бұл шараны тікелей эфирден тамашалап, елбасының айтқан әрбір ұсыныстарымен бастамаларын мұқият тыңдадым.

Елбасы жастарға ғылым саласын дамыту үшін гранттық жобаларды қаржыландыруды молайтатыны жайлы айтты.

Елбасы жастарға дүниежүзіндегі озық технологияларды меңгеріп, елімізге осы технологияларды енгізу үшін жан-жақты мүмкіндіктер жасалынып жатқандығы жайында да айта кетті. Соның ішінде аграрлық сектордың дамуы жайлы да сөз қозғады. Осы орайда біз «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша әлемде кең ауқымда қолданылып келе жатқан, ал біздің еліміз үшін жаңа технология болып саналатын, ірі қара мал эмбриондарын трансплантациялау технологиясын, облысымыздағы ірі шаруашылықтарға енгізу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен, магистрлік диссертациялық жұмысымды осы салада қорғап, қазіргі таңда Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде докторантурасына түсіп, осы тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымды жалғастырып келемін. Зерттеу-жұмыстарым бойынша Германия мемлекетінде болып, озық технологияның қыр-сырын меңгеріп келдім. Қазіргі таңда осы салада жүргізілген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелерін шаруашылықтарға енгізіп, коммерциализация жасап отырмыз. Жалпы эмбрион трансплантациялау технологиясын дүние жүзі кең ауқымда қолданып, қысқа мерзімде жоғары өнім беретін табын құру үшін пайдаланып келеді. Сиыр өз өмірінде 7-8 бұзау ғана өмірге әкеле алады. Ал, осы технология бойынша суперовуляцияның көмегімен сиырдан бір жолда орта есеппен 20-30 эмбрион алуға болады. Осылайша бір жылда алған эмбриондарды трансплантациялау арқылы донор сиырдан жылына шамамен 50-130 бұзау алуға болатыны дәлелденіп отыр.

Сөз соңында айта кетсек, жастарға жарияланған осы жылда ел жастары еліміздің экономикасының дамуына әр салада жан-жақты үлес қосады деп сенеміз.

Атейхан Болатбек, PhD докторант