Жыл сайын білім ордамызда Елбасының жолдауын тыңдау – жақсы дәстүрге айналды десек артық айтқан болмас.

Жастар мәселесі Елбасының назарынан ешқашан тыс қалып көрген емес. Соның дәлелі 2019 жылдың 23 қаңтар күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына куә болдық. Биылғы жыл Қазақ Елінің жалынды жастары үшін үлкен мүмкіндік әрі аса маңызды. Болашақ – білімді де білікті, алғыр да ұтқыр жастардың қолында.

Сондықтан да бізге берілген мүмкіндіктердің барлығын пайдалана отырып, тың ойларымызға мақсатты айқын қойып, соларға қол жеткізе білуіміз қажет. Өткізілетін шаралар үйреншікті ән-күй, флешмобтармен ғана емес, керісінше, жастар санасына ұлттық кодты дәріптейтін мазмұнды етіп өткізу қажет.

Олай болса, әр бастаған ісіміз сәтті болғай!

Ибраева Айгерім,
қоюшы режиссёр