Қазақстан халық ассамблеясының кубогы!

13-14 қазан аралығында Қазақстан халық ассамблеясы және бірқатар сенат депутаттарының қолдауымен тұңғыш рет Қазақстан халық ассамблеясының кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.


Турнирдің басты ерекшелігі командалас спикерлер өзге ұлттан болуы шарт.
Турнирге түрлі облыстардың мықтыларынан жиналған 20 команда қатысты. Нәтижесінде университетіміздің Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің Агр(қ)-301 тобының студенті Жақсылық Бекхан Нұрболатұлы және әріптесі  Турсунходжаев Бохромжан Икрамжанұлы бірге жүлделі II орынды ұтып алды. Финалдық ойын тартысқа толы болды.
"Турнирге қатысуға мүмкіндік берген университет басшылығына алғысымызды білдіреміз. Әрқашан сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз» p.s Жақсылық Б.

Жеңімпаздарды жеңісімен құтықтаймыз