Дата создания: 20.03.2020
Құрметті Мейрам Мухаметрахимұлы, қайырлыкүн! Наурыз мерекесі құтты болсын! Отанымыз тыныш, халқымыз тоқ, сәбилеріміздің ұйқысы мен күлкісі ешқашан бұзылмасын! Ұжымыңызға толығай табыстар тілеп, абыройларыңыз халықаралық деңгейде асқақтасын! Аушахманова Бакытгуль Тулегеновна, Павлодар облысы білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының "Тәрбие бөлімі және тұлғаны әлеуметтендіру" бөлімінің басшы. Сізге қоятын сауалым: Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің ФКИС-102 факультетінде Булатов Нурлыбек Муратович, жиенім оқиды. Қазіргі кезде Булатов Н.М. военкоматқа шақыруда. Бүгін 19.03.20. анықтама алуға барып еді мекемеге кіргізбепті. Әрине, қазіргі кездегі сақтық ережелеріне байланысты ерекше режим екенін түсінеміз. Бірақ та Булатов Н.М. 25.03.20. анықтамасын военкоматқа ұсыну керек. Осы мәселені шешіп беруіңізді өтінемін. Алдын ала рақмет!
Дата ответа: 25.03.2020
Құрметті Бакытгуль Тулегеновна! Менің блогыма өтініш білдіргеніңіз үшін алғыс айтамын! ФКИС-102 тобының студенті Н.М. Булатовтың анықтамасы университет қызметкеріменәскери комиссариатқа жөнелтілгендігін хабарлаймын.