Дата создания: 23.03.2015
Серік Мауленұлы сәлеметсізбе! Мен физика мамандығы бойынша оқимын! Бізде педагогикалық және техникалық болып саналады! Оқу бітірісімен мен мұғалім болып жұмыс істегім келмейді! Техникалық болғандықтан,қай жерлерде және кім болып жұмыс істей аламын! көмектесіңізші!
Дата ответа: 07.04.2015
Құрметті Асель! Біздің университеттегі 5В060400 – «Физика» мамандығы техникалық емес, жаратылыс-ғылыми мамандық болып табылады. Біліктілік сипаттамасына сәйкес, бұл мамандықтың түлектері мемлекеттік білім беру мекемелерінен басқа, ғылыми-зерттеу институтарында, лабораторияларда конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмаларында, сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындары мен бірлестіктерінде жұмыс атқара алады. Толық ақпаратты 8 (7182) 673626 (1170) телефонына қоңырау шалып, біле аласыз.