Президент Қасым-Жомарт Токаев 2019 жылдың 2- қыркүйегінде Қазақстан халқына тұңғыш Жолдау жариялады. Бұл Жолдауда «Педагог мәртебесі туралы» Заңды толыққанды орындау үдерісінде төмендегідей өткір мәселелерге назар аударуды және оның оңтайлы шешілуіне әр педагог мән бергені азаматтық борышы болмақ. Жолдаудың ІV тармағында бірінші әлеуметтік салада төмендегідей бағыттарды іске асыру міндеттеледі

- білім меңгерту саласындағы мектептерде ұстаз бен оқушының, жоғары оқу орындарында оқытушы- профессор мен білімалушылардың (студент, магистрант, докторант) өзара қарым-қатынасы коммуникативтік-сараптамалық, паритетті сапаға бағдарланып, соңғы нәтижені қамтамасыз ету мәселелерін шешерлік деңгейде өтілсе, онда аталып отырған Жолдаудың 1-ші бағыты, еңбек ресурстарының балансын есепке алудың өнімді әдіс-амалдары өз-өзінен сараланатыны сөзсіз.

- Жолдаудың ІV тармағының мамандар даярлаудың отандық жүйесі еңбек нарығынан тыс қалмасы үшін сонау Ежелгі Дәуір заманынан, Алты алаш, Қазақ хандығы, ресей империясына тәуелді Қазақ елі, Кеңестік дәуір. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихи-әлеуметтік, қоғамдық – мәдени иерархиясының ғылыми кеңістігіне үлес қосқан зиялы, даналықты ілгерілетуге, тұлғалық болмыстың өнімді еңбек етуіне үлгі берерлік ұлттық санасы жоғары, кемеріне келген кемелді тұлғалардың тағылым-танымын бойына сіңірген, оны әлемдік кеңістікке еркін қолдана алатын кәсіби құзыретке ие болу жағдайында ғана бұл мәселенің түйіні шешілмек;

- нәтижесінде, жұмыссыздар мен маргиналдардың саны сейіледі, оқушылар мектеп қабырғасында өзінің табиғи қабілетін айқындап, болашақта меңгеруге тиіс мамандығын таңдай алатын деңгейге көтеріледі, ақиқатқа сыйымды отандық жүйеде мамандық даярлау еңбек нарығының сұранымына унификацияланады, осының әдіснамалық негізінде білім саясатының білім беретін мекемелерінде ұлттық стандарттар құрылуы өміріміздің ең басым мәніне айналады;

- оқулық құрастыруда авторлардың білім мазмұнының пән ретінде білімалушыларға ұсынылуында ескеретін мәселе, әр пәннің моделін бағамдап, оның модульге, блоққа жіктелуінде жаңа өтілетін нысан мен өткен, оқылып меңгерілген нысанның ара қатысын дидактикалық заңдылықтар шеңберінде іріктеп, зерделенуге тиіс...

- егер осындай талаптарды орындау барысында ғана министрлік өзінің тікелей міндетін орындамақ.

- нәтижесінде: өтірік нәтиже беру, мониторинг қорытындысын бес балды жүйемен есептеу, білім мазмұнын рейтингіге сала алмау және т.б. жүгенсіздікке бойұрған Абай Құнанбай ұлының тілімен айтсақ, салғырттықтан біржола, түп –тамырымен құтылмақпыз.

- ұлттық сананы өркендетуге құрылған ғылым өркениет талабы мен мүддесіне тоғысып құрылса, халқымыздың алға ілгерілеуі қарқындылықпен іске асып, біздің ғылымымыз сонда ғана ұтымды болмақ.

Жұматаева Е.Б
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және
білімденудің инновациялық технологиялары
ғылыми-практикалық орталығының директоры