Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен Тұрмыс сапасын арттыру.

2019 жылды елбасы «Жастар жылы» деп атап, халыққа жолдау жариялады. Естеріңізде болса ел басшысы «Әрбір жолдаудың міндеті жаһандық бәсекеге елімізді қабілетті етіп, экономиканың жаңа моделін құру» деген болатын. Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, сапалы білім алу бұл, әрине, жастардың қолында.

Осы орайда айта кететін жайт, 2019жылы 22 қаңтарда елбасының қатысуымен Астана қаласында форум болып өтті. Бұл форумда ел президенті мен қоғамның әр саласында табысты елге еңбегін сіңірген, жоғары деңгейде жемісті білім алып жүрген «Қазақ елі жастары» өз жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы жаңа бастамаға қолдау білдіретінін айтып, жылы тілектерін жеткізді.

Елімізде еңбек етемін деген жастарға барлық жағдай жасалған. Айта кетсек, «Инновациялық жобалардың жетекшісі» «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы және бірнеше «Болашақ» бағдарламасымен білім алып келген жастар ұйымы осы жоба аясындағы алғашқы 18 оқулықты таныстырған болатын, кітаптар еліміздің 115 жоғарғы оқу орындарына таратылып, оқулықтардың электронды нұсқалары еркін қолданысқа берілді.

Жас өнертапқыш, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 12-сынып оқушысы Иван Крепак еліміздегі IQ индустриясының дамуына үлкен үлес қосты. Бүгінгі күнде 10 шақты робот жасап, бірнеше мобильдік қосымшаны қолданысқа енгізді.

Қорыта айтқанда, біз «Тәуелсіздік құрдастары» елбасымыздың осы жобасы шеңберінде айқын қадамдар жасаймыз.  

Дана Абай атам айтқандай: «Сен де - бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!».

Біз жаңа биіктерге дайынбыз, сол биіктерге қолымызды созып, еліміздің бір кірпішін қалауға атсалысамыз!

Аружан АТАБЕК