Елбасымыз өзінің жаңа Жолдауы арқылы еліміздің алдағы уақыттағы өзіндік бағыт-бағдары мен міндеттерін тамаша айқындап берді. Бұл өскелең ұрпақтың келешегі үшін жасалған ерекше қамқорлық. Ол дамудың жаңа мүмкіндіктеріне кең жол ашады.

Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың əл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сондықтан да оны елдің игілігіне бағытталған тарихи маңызы мен мәні зор бағдарлама деп қабылдаған дұрыс.

Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың əл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сондықтан да оны елдің игілігіне бағытталған тарихи маңызы мен мәні зор бағдарлама деп қабылдаған дұрыс.

Осы Жолдауда айтылған барлық басымдықтар миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың әлемдік өркениеттің дамуындағы бəсекеге қабілеттіліктерін арттыратын пайымдаулар. Бұл – əлемнің ең дамыған көркейген, экономикасы жоғары дәрежедегі алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылуды көздейтін Қазақстан үшін басты қағидалардың бірі. Осы қағида қазақстандықтардың кемел келешекке деген ұмтылысын, қайрат-жігерін одан әрі шыңдай түсетіні анық.

Елбасы Жолдауда бүгінде жаһандық жəне жергілікті мəселелердің өршіп одан әрі шиеленісіп тұрған кезінде, мұндай жағдайдан ұтымды шығудың бірден-бір жолы адамның қоғамға сай өзіндік дамуында екенін баса айтты. Осыған байланысты Елбасымыз Үкіметке жəне барлық мемлекеттік органдар мен компанияларға жаңаша еңбек етудің тəсілдерін өзгертуді қатаң тапсырды. Бұл қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі еліміздің ең басты басымдығына айналады деген сөз.

Негізі, мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап дамудың ерекше халқымыз үшін қолайлы өзіндік дара жолымен жүріп келеді. Біз осы жылдары аралығында әлемдік саясат пен әлемдік экономикада үлкен табысты жетістіктерге қол жеткіздік. Саяси астары тереңде жатқан әр түрлі халықаралық форумдар мен жиындарды жоғары деңгейде өткізіп, əлемдік қоғамдастықтың сенімін ерекше абыроймен ыждаһаттылықпен ақтап келеміз.

Елбасының бейбітшіл, күрмеуі шешілмей тұрған мәселені ақылмен, парасаттылықпен пайымдап шешудің тамаша үлгісін бүкіл әлемге танытудың арқасында Қазақ елі зор беделге ие болып отыр. Осындай көрегендік сапалы саясаттың арқасында дүниежүзіне бейбітшілік пен келісімнің, сенім мен тұрақтылықтың алтын бесігі ретінде бүкіл әлемге танылдық. Әрине, заманауи өркениет бір орында тұрмайды, ол үнемі қозғалыста, үнемі дамуда. Осы күндердің өзінде де әлем үлкен тарихи саяси астары мол өзгерістерді бастан кешіріп жатқанын білеміз.

Қазақ елі бүкіл әлемнің бір кішкентай бөлшегі болғандықтан, біз де осы үдерістерден тыс қалмайтынымыз анық. Сондықтан бізге енді аталған өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлерге лайықты төтеп берудің төте жолын қалыптастыру аса маңызды шара. Ал оның өзегі бай да, білімді де, дені сау қайратты, жігерлі ұлт екенін Елбасы жаңа Жолдауында нақты көрсетіп берді.

Жолдауда айтылған алты бағыт та халықты алаңдатқан ең өзекті жəне күрмеуі қиын мəселелерді оңтайлы шешуге жол ашып беріп отыр. Соның ішінде елдің табысын өсіру, тұрмыс сапасын одан əрі жақсарту, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтардың сұранысына сай мемлекеттік аппарат құру, сыртқы саясаттың тиімділігін арттыру жəне əрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістерге атсалысуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа міндеттер халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалға берілген нақты жауап болды.

Əсіресе, Елбасының білім беру, денсаулық сақтау, шағын жəне орта бизнесті дамыту, қолжетімді баспана, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру сияқты халықтың күнделікті өміріндегі салаларға ерекше мəн беруі, ешбір əсірелеусіз, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеретін игі қадам. Жалпы, қай елді алып қарасақ та, бiлiм беру жүйесi экономика, саясат, мəдениет саласындағы өзгерiстер мен дамуға əсер ететіндігі анық. Жаһанның кез келген түкпірінде бiлiм тұлғаның əлеуметтiк-экономикалық үдеріске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор екендігі белгілі. Осыған орай, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауда балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге баса назар аударып, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартудың өзіндік жолын ерекше атап көрсетті. Әрине, осы тұрғыда елімізде əлі де шешімін таппаған біраз күрделі мəселелер баршылық.  

Орта білім беру саласында Елбасы Назарбаев зияткерлік мектептерінің əдістемесін жалпы білім беретін мектептердің тəжірибесіне енгізуге, жоғары сынып оқушыларын нарық сұранысына сəйкес мамандық тарға бейімдеуге, олардың білім сапасын бағалауды халықаралық стандарттарға негіздеуге, барлық оқу орындарын бейнебақылау жүйесімен қамтуға, психолог мамандардың жұмысын жандандыруға көңіл бөлді.

Сол себепті де бұл басымдықтарды халық бірден қолдап, олардың нəтижелі жүзеге асырылуына белсенді қатысатынына әрбір азамат кəміл сенеді.

Əрине бұл басымдықтар бойынша осыған дейін де елімізде көптеген бағдарламалар қабылданып, саяси, экономикалық, рухани жəне əлеуметтік жаңғырулар қолға алынғаны белгілі. Сондықтан «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауды Мемлекет басшысының бүгінге дейінгі барлық бастамаларының лайықты жалғасы деуге толық негіз бар. Осы тұрғыдан келгенде Елбасының сенімді тірегі, өзінің салиқалы саясатының арқасында қалың елдің зор ризашылығына бөленген халықпен қоян-қолтық, елмен етене жұмыс істейтін Қазақстан Халықтар Ассамблеясы бар Жолдаудың мəні мен маңызын əрбір қазақстандыққа түсіндіріп, оның табысты орындалуы үшін өз үлесін ыждаһаттылқпен қосатын болады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінің профессоры,
философия ғыл. канд.
Е.Бекмаханов атындағы өлкенің
тарихы мен этнографиясы ҒПО
директоры
А.Құдабаев