Торайғыров университетінің студенттері «Бірлік – Единство.kz» жастар форумына  қатысты. 

Павлодар облысында «Бірлік - Единство.KZ» дәстүрлі форумы өтті. Шара барысында жастардың өзекті мәселелері талқыланды. 

Форумға облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, сөз сөйледі. 

- Тек бірлік пен келісімнің арқасында ғана біз дами аламыз. Мен облыстық Жастар Ассамблеясының қызметін үнемі қадағалап отырамын және жастар бірлестігінің белсенді әрі нәтижелі жұмысын атап өткім келеді. Шығармашыл жастардың қатары көбейсін, жаңа жобалар ұсыныңыздар - мен оларды қолдауға әрдайым дайынмын - деді облыс әкімі.
 

 

 

Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Павлодар облысының «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігінің төрағасы Рамиль Смаилов, «АМАNАТ» партиясы ПОФ жанындағы жастар мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің төрағасы Айдар Құрымбаев қатысты.

- ToU студенттері өз идеяларымен және күш-жігерлерімен әрдайым ерекшеленеді. Олардың қатарында біздің студенттік отбасымыздың ажырамас бөлігіне айналған шетелдік жастар да бар.  Жыл сайын Торайғыров университетінде Нигерия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Ирак және Ауғанстан елдерінің студенттері білім алады. Оқу орнында, сонымен қатар, қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылады. Бағдарламалар аясында студенттерге Испания, Польша, Болгария, Чехия, Словакия, Латвия, Түркия, Франция, Германия және Әзербайжанда оқуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, біз түрлі ел жастарын біріктіріп, тәжірибе және біліммен алмасуға көмектесеміз. Біз ұлты басқа студенттердің әлем азаматы болғанын мақтан тұтамыз», - деп атап өтті ToU ректорының м.а. Нұрлан Ержанов. 

Ашық диалог форматында өткен форумда жастар түрлі сауалдар қойды, мысалы: біздің елімізде жастарды дамыту үшін қандай жаңа жобалар мен шаралар іске асырылатын болады, жасанды интеллект - пайда немесе қауіп, 10 жылдан кейін жастар саясаты қалай болады, т.б. Сондай-ақ, «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі мен волонтерлік қызмет туралы ойларымен бөлісті.
Форум 2025 жылы Ассамблеяның құрылғанына 30 жыл толуы аясындағы жалпы міндеттерді айқындаумен аяқталды.