Дата создания: 09.06.2011
Сәлеметсіз бе? Арын Е.М сізден сұрайын дегенім ПҰУ-не журналистика факультетіне грантка түсу үшін қанша балл керек, сонымен қатар мектеп қабырғасында оқып жургендегі жеткен жетістіктерің (Республикалық, облыстық) гранка түсу жолында көмегін тигізе ме?
Дата ответа: 15.06.2011
Гүлім-ай! Журналистика мамандығына былтыр қалалықтар 100, ауыл балалары 98 балмен түсті. Негізінен «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілінен» алған балдарың есептеледі. Сондай-ақ, бізде екі творчестволық емтихан бар. Олар қазақ тілінен сөйлем талдау және шығарма жазу. Бұл екі емтиханның әрқайсысынан 25 тен, 50 балл алуға болады. Егер республикалық, облыстық деңгейде жетістіктерің болса, жазбаша емтиханнан босатыласың. Егер, отбасыңда әке-шешең болмаса, не тұрмыс деңгейлерің төмен болса, ауданнан грант бөлінуі мүмкін. Оқуға түсуіңе тілектеспін.