Сәлеметсіз бе, Серік Мәуленұлы! Мен Кымбат Бақыткерейқызы Кунанбаева 2011 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ қаржы-экономикалық факультетінің "Менеджмент" мамандығын бітірдім. Сол жылы профильдік бағыттағы магистратураға түсіп, міне биыл 2012 жылы аяқтадым. Жоғары оқу орнында ғылыммен айналысып, сабақ бергім келеді, алайда профильдік магистратура оқытушы болуға мүмкіндік бермейді. Магистранттармен кездесуде сізге осы сауалымды қойдым, рұқсат болса тағы да білейін деп едім. Менің қояр сауалым: Жоғары оқу орнында сабақ беруге мүмкіндік беретін арнайы курстар қашан ұйымдастырылады? Құжаттарды қашан және қайда тапсыру қажет? Биыл доктарантураға құжат тапсыруға бола ма? Мен қазір кафедрада лаборант қызметін атқарып жүрмін. Рахмет!Университетке үлкен ғылыми табыстар тілеймін!
Дата создания: 17.07.2012