Құрметті Серік Мәуленұлы! Біз университет магистранттары еліміздің жастарының болашағына алаңдаймыз, сондықтан, Үзіліс кезінде ойналатын музыка сапасын өзгерту мүмкіндігі бар ма деген сұрақ қойып отырмыз? Университет жастары шетел музыкасын күні-түні құлақтарынан шешпей тыңдап жүреді,өз беттерімен қазақ музыкасын тыңдаудан қалды, тым болмаса, университет қабырғасында қазақ күйлері мен әндерін, не болмаса, классикалық әуендерді тыңдаса екен деп ойлаймыз. Біздің өтінішіміз: үзіліс кезінде шетелдің музыкасын дүнгірлетіп қоймай, жастарға өзіміздің еліміздің әуенін тыңдатса дейміз. Үлкен рахмет!
Құрметті Қымбат! “ПМУ Fm” студенттік радиосы күніне 8 рет тікелей толқынға қосылады. Осы уақытта ұлтымызға сай қазақша әндер және де шетел әндері орындалады. Сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалар қарастырылған, олардың негізгі мақсаты - университетіміздің ең үздік дәстүрлерін дамыту және сақтау болып табылады, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерінің ашылуына және дамуына үлес қосу, журналистика мамандығында оқитын студенттердің кәсіби шеберліктерін қалыптастырып оны арттыруға жағдай жасау.
“ПМУ Fm” студенттік радио толқынының ұсыныс кітапшасына күнделікті оқу барысында студенттер өздерінің тілектерімен әуендерін ұсынады . Сондықтан, ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді 105 кабинетке келіп айтуыңызға болады.