Ұлттық бірыңғай тестілеу
1. қорытынды аттестаттау
- Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
- ҰБТ-ға:
- орта білімнен кейін және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;
- жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;
- жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер;
- үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері;
- өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары (мемлекеттік немесе орыс тілінде – ерікті түрде) қатысады.
- Дәстүрлі түрде қорытынды аттестаттаудан:
- ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.
2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
- ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
- ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
- Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
- ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
-
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
-
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Тестілеуге өтініш беру
- ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін бере алады.
- Өтініш өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
- Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 2 фотосурет (3х4 өлшемді).
- Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
- Мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
- Тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
- Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.
4. Емтихан мерзімі мен ұзақтығы
- Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
- ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.
- ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
5. Тестілеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тестілеуден өтеді.
- Тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары мен видеобақылау қондырғылары қолданылады.
- Тестілеу басталардан бұрын ҰБТ өткізілетін ғимаратты жарылғыш затқа тексеру жүргізіледі (міндетті түрде акт толтыру арқылы)
6.Апелляция
- Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.
- Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.
- Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
- дұрыс жауабы жоқ;
- бірнеше дұрыс жауабы бар.
- Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
7. Аттестатқа бағалар қою
- Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі
№ | Пән | 2 (қанағаттанарлықсыз) | 3 (қанағат) | 4(жақсы) | 5 (үздік) |
1 | Қазақ тілі | 0-3 | 4-13 |
14-20 | 21-25 |
2 | Орыс тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
3 | Қазақстан тарихы | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
4 | Математика | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
5 | Физика | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
6 | Химия | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
7 | Биология | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
8 | География | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
9 | Дүниежүзі тарихы | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
10 | Қазақ әдебиеті | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
11 | Орыс әдебиеті | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
12 | Ағылшын тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
13 | Неміс тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
14 | Француз тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
15 | Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі | 0-3 | 4-11 | 12-17 | 18-25 |
16 | Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі | 0-3 | 4-11 | 12-17 | 18-25 |
8. Сертификат
- ҰБТ тапсырған бітірушілерге:
- ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат;
- жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі.
- Сертификаттың қолданыс мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін
9. Білім беру гранты
- Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
- Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін 50 балдан төмен жинамау керек, ұлттық ЖОО-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден (соның ішінде қазақ мектептеріндегі орыс тілінен және орыс мектептеріндегі қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.
- Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
- Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
- Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
- Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
- Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.
Назар аударыңыз!!!
- Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытында өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:
- ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- қара сиялы қалам;
- ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
- сөйлесуге;
- орнынан тұруға;
- орын ауыстыруға;
- кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
- аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға;
- Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
Ұлттық тестілеу орталығы