Жетекшісі: Әзімхан Айнұр – С.Торайғыров атындағы ПМУ филармониясының директоры.

Мақсаты: Университет қабырғасында студенттік және жастар театрын дамыту, университеттің студенттері мен магистранттарының мәдениетін дамыту, дара өнерін дамытуға студенттерге жағдай жасау, оларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Міндеті: актерлік шеберлікті дамыту, ораторлық өнерді, көрермен алдында өнер көрсетуді үйрету, өзінің тәжірибесімен бөлісе алатын актерларды шақыру, пьесса қойылымдары, дикция мен мимиканы дамытатын жаттығулар жүргізу.

Қызметі: Бұл клуб студенттер мен магистранттарға өзіндік жеке даралығын дамытуға жағдай жасау үшін олардың өнерінің дамуына септігін тигізуге бағытталған. Бұл клуб ҚР Конституциясымен, Университет жарлығымен, Студенттік ар-намыс кодексімен бағытталады.