Төрағасы: Мәсәлім Тілек Қайырқанұлы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы.

 Мақсаты: студенттердің құқықтарын қорғау, студенттерді әлеуметтік жағынан қорғау мен студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.

Жалпы бағыттары: Мүшелерінің экономикалық жағдайы мен көзқарастарын ескере отырып, студенттік кәсіподақ ұйымы:

- Ұйым мүшелерінің әлеуметтік экономикалық, еңбек және басқа да құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар жасайды;

- Студенттермен ұйымдасқан түрде келісім шарт жасауға, ұсыныс кіргізуге қатынасады;

- Кәсіподақ мүшелері үшін тегін құқықтық және кеңестік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

- Керек жағдайда ұйым мүшелеріне материалды көмек көрсетіледі;

- Кәсіподақ мүшелері, студенттердің арасында ұйымдасқан түрде денсаулық сауықтыру, демалыс, жалпы дене шынықтыру уақыттарын өткізуге көмектеседі;

- Студент жастардың құқыққа қарсы істерін алдын алу шараларын өткізеді;

- Жастардың өз уақыттарын маңызды және қызықты өткізуіне көңіл аударады;

- Студенттер кәсіподақ ұйымы бөлімдеріне белсенді студенттерді тарту жұмыстарымен айналысады;

- Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференция, олимпиадаларға қатысуын ұйымдастырады;

- Алға койған мақсаттар мен бағыттарды орындауға жұмсалған қаражатты толтыру үшін заңдастырылған жолдар іздейді;

- Студенттердің өмірі мен мәдениетті түрде демалу жолдарының басқа да түрлерін жүзеге асырады.

Студенттер кәсіподағы түрлі форматтағы іс-шараларды өткізеді: жеңілдіктері бар студенттік киносеанстарды, дискотекалар, футбол, бильярд және боулинг бойынша чемпионат, көрмелер, акциялар, КТК және т.б. Жыл сайын университет Наурыз-мейрамын тойлайды. 2013 жылдың наурызында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының орталық алаңындағы киіз-үйдік қалада Студенттік кәсіподақ ұйымы атынан киіз-үй тұрғызылды.

Студенттерін кәсіподақ ұйымы түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерімен бірлесе отырып, «Балалар баспанасы» мемлекеттік мекеме және «Малютка» сияқты балалар үйлерінде қайырымдылық шаралары өткізілді.