Биоконверсия ғылыми-тәжірибелік орталығы

 

Биоконверсия ғылыми-тәжірибелік орталығы 2013 жылдың желтоқсан айында ашылды.

Биоконверсия ғылыми – тәжірибелік орталығының жұмыс мақсаты: жауын құрттарды пайдаланып органикалық қалдықтарды биоконверсия технологиясы арқылы залаласыздандыру және өңдеу. Сондықтан да орталық келесі бағыттарда ғылыми-тәжірибелік жұмыстар атқарады:

- ауыл шаруашылығы аумағындағы алдыңғы қатарлы ғылым мен өндірістің жетістіктерін зерттеу;

- аймақтың топырағының құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарлату жұмыстарын атқару, қалдықтарды өңдеу және биогумус өндіру және биоегіншілік бағыты жұмыстарында ғылыми негізделген әдістемелік көмек көрсету;

- ауыл шаруашылық мамандарын ғылыми бағытта дайындау, қайта дайындау және мамандардың биоегіншілік бағытындағы квалификациясын жоғарлату;

- табиғи егіншілік топырақ құнарлығын үстемелі қалыптастыру және қалалық тұрмыстық, ауыл шаруашылық органикалық қалдықтарды өңдеу бойыншы ұсыныстар дайындап, оларды баспадан шығару;

- органикалық қалдықтарды өңдеп, олардан табиғи органикалық тыңайтқыш (биогумус) алып, оны топырақ құнарлылығын қалыптастыру және дақылдар өнімін көбейту, сапасын жақсарту бойынша ғылыми жұмыстар жүргізу, бұған қоса жауын құрттарын көбейту жағдайларын, олардың қалдықтарды өңдеу мүмкіншілігін асыру жолдарын зерттеу;

- биогумустық сапасын анықтау және қалдықтарды өңдеу жолдарын жақсы қалыптастыру үшін ғылыми әдістемелік зертханалар ашу;

- қалдықтарды биологиялық өңдеу (биоконверсия) жолдары бойынша патенттік ізденістер ұйымдастыру;

- биоконверсия зертханасын сапалық куәліктендіру.

Қазіргі кезде орталықта жетекші, ғылыми кызметкер, лаборант жұмыс істейді, бұған қоса магистранттар және диплом жұмыстарын жүргізуші студенттер қатысады.

Орталық қызметкерлері қатысатын жұмыстар: «Суармалы жерлерде топырақ құнарлылығын жоғарлату үшін биогумус пайдалану» атты Ғылыми комитеті және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің гранттық бағдарламалық проектісі бойынша ғылыми – тәжірибелік жұмыстары жүргізілуде.

 

«Биоконверсия»ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметкерлері