Құрметті достар!
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы онлайн конференция арқылы ақпараттық-танымдық жұмысын жалғастырады.
Интернет кеңістігін пайдаланушыларымен «Заң және дін», «Закон и религия» тақырыбы бойынша келесі диалог 2012 жылдың 9 қарашасында күні сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Онлайн-конференцияның өзекті мәселелері университеттің «Білік» газетінде басылымға шығады.
Сұрақтарды алдын-ала Орталықтың newcenterPGU@yandex.ru электрондық поштасына жіберуіңізге болады.
Интернет-конференция өтетін күні, 2012 жылдың 9 қарашасында сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін сұрақтар www.psu.kz ақпараттық порталында қабылданады.
Сілтеме:
1. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы 2011 жылдың 11 қарашасында жаңа редакция жүзінде қабылданды (Заңның толық түпнұсқасын төменірек көре аласыз).
2. Заң преамбуласы – «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әр адамның ар-ұждан бостандығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады».
3. Заңның негізгі ережелері:
біздің қоғамымыздың ішінде конфессияаралық толеранттылықты нығайтуда мемлекеттің рөлі белгіленген;
діни бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері бекітілген;
діни әдебиеттерді сату тәртібі реттелген, мемлекеттік органдар аумағында және ғимараттарында діни ырымдар мен рәсімдерді өткізуге шектеу енгізілген.
4. Акттің ресми жариялануы жайлы мәліметті келесі басылымдарда іздей аласыз - 2011 ж. 15 қазан № 330-331 (26721-26722)"Казахстанская правда"; 2011 ж. 15 қазан. № 497-500 (26892) "Егемен Қазақстан"; 2011 ж., № 17, ст. 135 Ведомости Парламента РК,.
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздер Павлодар облысының Діни жұмыстары бойынша департаментінің директоры – Закарьянов Даулет Қоқанұлына және философия ғылымдарының кандидаты, доцент – Қожамжарова Майра Жанайдарқызына сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.
Анықтама телефоны: 8 (7182) 673623, (ішкі: 1263).
Желтоқсан айына жоспарланған онлайн-конференцияның тақырыбы:
«Қазақстандағы дәстүрлі ислам және оның ерекшеліктері» - «Традиционный ислам в Казахстане и его особенности».
Үлкен құрметпен С.Торайғыров атындағы
ПМУ-нің этносаралық және конфессияаралық
Үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығының қызметкерлері
Почему иудаизм, христианство и ислам называют авраамитскими религиями?
Құрметті достар!
2011
жылдың 3 қарашадан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-де Этносаралық және
конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық
орталығы қызмет етеді. Орталық тек ғылыми-зерттеу база ретінде ғана
емес, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің
студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің
өкілдері үшін және де Павлодар облысының тұрғындары үшін өзіндік
диалогтық алаңы болып табылады.
Орталық
қызметінің жаңа форматтарының бірі – онлайн-конференцияны
ұйымдастырумен ғаламтор кеңістігін пайдаланушылармен диалог өткізу
арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Онлайн-конференцияны
айына бір рет өткізу және онын аса өзекті мәселелерін университеттің
«Білік» газетінің беттерінде жариялау жоспарланған.
5 қазанда сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін «Заман және дін» атты тақырыпта алғашқы онлайн-конференция өтеді.
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздер философия ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Жанайдарқызы
Қожамжароваға және Орталықтың маманы Жолдас Қоспақұлы Бертымұратовқа
сұрақ қоя аласыз.
Сіздің сұрақтарыңыз ғаламтор конференцияның өтуі күнінде www.psu.kz ақпараттық порталына қабылданады. Алдың ала - newcenterPGU@yandex.ru.
Анықтама телефондары: 8 (7182) 67-36-87, (ішкі: 12-16).
Қараша-желтоқсан айында өтетін онлайн-конференциялар тақырыптарының үлгілі тізімі:
1. «Заң және дін» - «Закон и религия»;
2. «Қазақстандағы дәстүрлі ислам және оның ерекшеліктері» - «Традиционный ислам в Казахстане и его особенности».
Аса құрметпен, С.Торайғыров атындағы
ПМУ-нің Этносаралық және
конфессияаралық үрдістерді зерттеудің
аймақтық ғылыми-практикалық
орталығының қызметкерлері
ПГУ им.С.Торайгырова
Сколько религиозных объединений у нас в Павлодаре