Жас ғалымдар кеңесі "Торайғыров университеті" КЕАҚ-ның Ғылыми-инновациялық HUB жанында жұмыс істейді, Университет факультетінің (35 жасқа дейін) уәкілетті өкілдерінің жастар жиналысы және алқалы кеңес органы болып табылады.
Кеңес "Торайғыров университеті" КЕАҚ-ның жас ғалымдарының кәсіби өсуін қарқындату, көкейкестi ғылыми проблемаларды және басты ғылыми қиыншылықтарды шешу, сонымен қатар инновациялық қызметтерін дамыту мақсатында құрылады.
Мақсаттарына жету үшін Кеңес келесі міндеттерді шешеді:
• Университет факультеттерiнде жас ғалымдардың кәсiби өсуiне, ғылыми бастамаларды дамыту және жас ғылыми кадрларды бекiтуге ықпал ету;
• жас ғалымдар мен мамандардың зерттеу нәтижелерiн таратуға, енгiзуге көмектесу;
• ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептер мен бағыттардың сақталуына қатысу;
• жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету (жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну);
• университетте жас ғалымдардың ғылыми конференциясын ұйымдастыру және өткiзу;
• ғылыми конференцияларды, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткiзуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
• мемлекеттiк, қоғамдық, ғылыми және басқа ұйымдарда жас ғалымдардың мүдделерін қолдау;
• жас ғалымдардың мәселелері мен басымдылықтарын анықтау мақсатында, олардың шешу жолдарын іздеу, ғылыми жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
• жас ғалымдардың тұрғын-үй мәселелерін шешу жолдарын iздестiру;
• жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
• инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;
• ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.
Жас ғалымдар кеңесi өз қызметiнде басшылыққа алады:
- Жас ғалымдар кеңесi туралы Ережені
- Жас ғалымдар кеңесiнiң даму тұжырымдамасын
- Жас ғалымдар кеңесiнің жұмыс жоспарларын.
Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары