«Шет тілдері» кафедрасының жас ғалымдары Самал Ерғалиева, Меруерт Уайханова, Айгүл Сахариева Альбина Анесованың жетекшілігімен гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер жүргізуге грант жеңіп алды.

Павлодарлық түлектердің 86%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді, бұл барлық жылдар ішінде оқуды жалғастыруға және жоғары білім алуға тілек білдірушілердің рекордтық көрсеткіші.