Мажарстан астанасы Будапештте кикбоксингтен 26-шы әлем кубогы аяқталды.

Байрақты бәсекеге 45 елдің 3000-нан астам спортшысы қатысты.

Торайғыров университетінің студенті Әділ Айтымов 60 келі дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Әділ - Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлер мен жарыстардың жеңімпазы үздік спортшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спортшы екі ұрыс өткізіп, Ресей, Германия және Қазақстан файтерлерін жеңді.