Торайғыров университетінің студенттері қоқысты сұрыптап, жинау сенбілігіне қатысты. 

Усолка өзенінің бойында жиналған мемлекеттік мекемелер, «Жасыл ел» облыстық штабының белсенділері, оқушылар мен студенттер қоқыстың шамамен 200 қабын жинады. Олардың бір бөлігі сұрыпталуға жатады.
Бүкіләлемдік тазалық күніне орайластырылған сенбіліктер аймақтың бірнеше қаласында өтуде. Облыстық орталықтағы сенбілік ерекше форматта өтті. Аумақты тазарту аздық етеді, қатысушылар қоқысты бірнеше фракцияға бөлді.
Экобелсенділердің айтуынша, демалушылар шыны, пластик пен қайта өңделмейтін қоқыс түрлерін лақтырады. Сондықтан, сенбілік барысында негізгі бес фракция таңдалды.