Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Торайғыров университетінде болды.

Ұ. Есдәулет ЖОО-ның ғылыми қауымдастығымен кездесті. Қонаққа Е.Бекмаханов атындағы Тарих және этнография ғылыми-практикалық орталығының соңғы басылымдары мен еңбектер жинағы ұсынылды.

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағы мен Торайғыров университеті алдағы меморандум аясында бірлескен жұмысты бастайтынын атап өтті.

Меморандум әдебиетпен өзара байытуды, тәжірибемен алмасуды, әдеби байланыстарды қалпына келтіруді және одан әрі дамытуды көздейді.