Торайғыров университетінің студенттері Beisembaev Library «Суретшілермен шығармашылық кештер мен кездесулер» жобасы аясында КСРО суретшілер одағы мен Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан көркемөнер академиясының академигі, суретші Әнуар Игембаевпен кездесті.


Жоба жетекшісі Тілеулес Әбелдинованың айтуынша, дарынды суретшінің шығармашылығын зерттеу өте қызықты, себебі өнер иесі қарапайым халықтың сезімін, көңіл-күйі мен ойларын жеткізе білген. Бұл шығармашылық әр тұлғаның дамуына әсер етеді. Әсіресе, студенттер мен оқытушылар суретшінің шешімдері мен идеяларына қанық болды.

Университетте «Ұлы қазақ елі» триптихі, картиналар коллекциялары мен өзге де сюжеттік жұмыстар бар.

Жоба шеңберінде қылқалам шеберлерімен шеберлік сағаттары ұйымдастырылмақ.