Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің делегациясы Торайғыров университетінде болды. Жұмыс сапары Дос-Мұқасан кешені мен воркаут алаңды аралаудан басталды.

Студенттік конструкторлық бюрода университет интерьерлері дизайны мен сәулеттік жобалау идеялары таныстырылды.

Сонымен қатар, университет ғалымдарының табиғи косметика, жеке қорғаныс заттары, виар-бағдарламаларды шығару бойынша бизнес идеялары мен әзірлемелері таныстырылды.
Сарапшылар кітапхана, IT-HUB, ауыл шаруашылығы, жаратылыстану ғылымдары, энергетика және инженерия факультеттерінің зертханаларының жұмысымен танысты.
Торайғыров университетіндегі "TOU АЭА" инновациялық зонаның жұмысы көрсетілді. Онда экотримаран, сұйық сабын, жиһаз, антисептик, эко-ойыншықтар шығару бойынша он өндірістік цех жұмыс істейді.
Кездесу B-to-B форматында жалғасын тапты. Шара барысында ортақ ғылыми-зерттеу жобаларды, оның ішінде Павлодар облысының әкімдігінің кәсіпорындары үшін жобалар әзірлеп, оларды коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жоғары рейтингті журналдарда бірлескен материалдар жариялау жағы қарастырылды.