Торайғыров университетінің студенті Әділ Айтымов «Uzbekistan open» Ташкент қаласында кикбоксингтен өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Әділ 15 ел қатысушысы арасында үздік атанып, бірінші орынға ие болды. Жарыстар WAKO бүкіләлемдік кикбоксинг қауымдастығының нұсқасы бойынша жүргізілді.

Ресей, Украина, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Беларусь елдерінің 8-19 жас аралығындағы спортшылары фулконтакт бағдарламасы бойынша шеберлік танытты.