Студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновация ұлттық Кубогының нәтижесінде Торайғыров университетінің командасы «Jaryq» және «Airflux» жобаларымен КТ CloudLan компаниясы атынан екінші орын мен 500 мың теңгеге ие болды.

 

Еске сала кетейік, «Jaryq» бизнес-мектебінде 14-29 жас аралығындағы бизнесмендер қаржылық сауаттылық, СММ-стратегия және маркетинг бойынша білімдерін жетілдіреді. «Airflux» жобасы аясында инновациялық желдеткіштер өндірілмек. Заманауи құралдар ғимаратты таза ауамен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Тамерлан Дүйсембаев ENACTUS KAZAKHSTAN Ұлттық кеңсесінің «Үздік капитан» байқауының жеңімпазы атанды.